Қолданушы нұсқаулығы
157
4 Фотосуретті жақтауға алыңыз, фокустаңыз жəне
түсіріңіз.
Ысырманы босату түймешігі соңына
дейін басылған кезде фотокамера екі
сурет түсіреді. Кескіндер біріктіріліп
жатқанда l j басқару панелінде
жəне l l көріністапқышта
жыпылықтайды; жазу аяқталғанша
фотосуреттер түсіру мүмкін
болмайды. Суретке түсіру режимі
үшін қазіргі уақытта таңдалған
параметрге қарамастан ысырманы
босату түймешігі басылған сайын тек бір фотосурет
түсіріледі.
On
(series) (Қосулы (бірнеше сурет)) параметрі таңдалған
болса, HDR мүмкіндігі HDR mode (HDR режимі) үшін Off
(Өшірулі) күйі таңдалғанда ғана өшеді; On (single photo)
(Қосулы (бір фотосурет)) параметрі таңдалған болса, HDR
мүмкіндігі фотосурет түсірілгеннен кейін автоматты түрде
өшеді. l белгішесі HDR режимінде суретке түсіру
аяқталғанда дисплейден кетеді.
D HDR фотосуреттерін жақтауға алу
Кескін жиектері кесіледі. Суретке түсіру кезінде фотокамера немесе
нысан қозғалса, қажет нəтижелер алынбауы мүмкін. Штативті
пайдалану ұсынылады. Көрініске қарай əсер көрінбеуі мүмкін, ашық
нысандар айналасында көлеңкелер немесе күңгірт нысандар
айналасында галолар көрінуі мүмкін. Кейбір нысандарда біркелкі емес
көлеңке көрініп тұруы мүмкін.










