Қолданушы нұсқаулығы
160
2 Суреттерді түсіріңіз.
Ысырманы босату
түймешігі жартылай
басылған кезде жарқыл
қажет болған кезде шығып,
фотосуретті түсіру кезінде
жанады. Жарқыл
автоматты түрде шықпаса,
ОНЫ қолмен көтеруге
əрекеттенбеңіз. Бұл сақтық шарасы қолданылмаса,
жарқыл зақымдалуы мүмкін.
❚❚ Жарқыл режимдері
Мына жарқыл режимдері қол жетімді:
Автоматты жарқыл: жарықтандыру нашар болса немесе
нысанның артқы жағы жанып тұрса, жарқыл ысырманы босату
түймешігі жартылай басылған кезде автоматты түрде шығады
жəне қажет болған кезде жанады. o режимінде қол жетімді
емес.
Қызыл көз əсерін азайту мүмкіндігі бар автоматты
жарқыл: портреттер үшін пайдаланыңыз. Жарқыл қажет
кезде шығады жəне жанады, бірақ ол жанбай тұрып «қызыл
көз» əсері
н азайту үшін қызыл көз əсерін азайту шамы
жанады. o режимінде қол жетімді емес.
Қызыл көз əсерін азайту мүмкіндігі бар автоматты баяу
синхрондау: қызыл көз əсерін азайту мүмкіндігі бар
автоматты жарқылдікімен бірдей, тек артқы фон жарығын
жазу үшін ысырманың баяу жылдамдықтары пайдаланылады.
Түнде немесе төмен жарықта түсірілетін портреттер үшін
пайдаланыңыз. o ре
жим
інде қол жетімді.
Автоматты баяу синхрондау: ысырманың баяу
жылдамдықтары түнде немесе төмен жарықта түсірілген
түсірілімдерде артқы фон жарығын жазу үшін
пайдаланылады. o режимінде қол жетімді.
j
Өшірулі: жарқыл жанбайды.










