Қолданушы нұсқаулығы

165
A Қосымша жарқыл бөліктері үшін жарқылды басқару
Қосымша жарқыл бөлігі жалғанған кезде фотосурет түсіру мəзіріндегі
Flash control (Жарқылды басқару) > Flash control mode (built-in)
(Кірістірілген жарқылды басқару (кірістірілген)) параметрі Flash
control mode (external) (Кірістірілген жарқылды басқару (сыртқы))
болып өзгереді.
A Кірістірілген жарқылды басқару режимі
i-TTL жарқылды басқаруда фотокамера жарқыл деңгейін негізгі жарқыл
жануының тура алдында шығарылатын көрінбейтін дерлік алдын ала
жарқылдардың (монитордың алдын ала жарқылдары) қатарынан
шағылысқан жарықтың негізінде орнатады. Фотокамера мына i-TTL
кірістірілген жарқылды басқару режимдеріне қолдау көрсетеді:
Сандық айналы фотокамераға арналған i-TTL балансталған
толықтырғыш жарқыл: кадрдың барлық аумақтарында
нысандардан шағылысқан алдын ала жарқы
лдарды 180 мың нү
ктелі
(шамамен 180000 нүкте) RGB сенсоры қабылдап, негізгі нысан мен
қоршаған ортадағы фондық жарықтандыру арасында табиғи баланс
болуы мақсатында жарқыл шығысын реттеу үшін талдайды. G, E
немесе D түріне жататын объектив пайдаланылса, қашықтық мəліметі
жарқыл шығысын есептегенде қосылады. Нүктелі экспоөлшегіш
пайдаланылғанда қол жетімді емес.
Сандық айналы фотокамераға арналған стандартты i-TTL
толықтырғыш жарқылы: кадрда жарықт
ы стандартты деңге
йге
апару үшін реттелген жарқыл шығысы; артқы фонның жарықтығы
ескерілмейді. Негізгі нысанға артқы нəрселерге қарағанда көбірек мəн
берілуі тиіс суреттер үшін немесе экспозиция түзетілімі
пайдаланылған кезде ұсынылады. Сандық айналы фотокамераның
стандартты i-TTL толықтырғыш жарқылы нүктелі экспоөлшегіш
таңдалғанда автоматты түрде іске қосылады.