Қолданушы нұсқаулығы

168
±0,0 мəнінен басқа мəндерде M (Y) түймешігі босатылғаннан
кейін Y белгішесі көрсетіледі. Жарқыл түзетілімінің ағымдағы
мəнін M (Y) түймешігін басу арқылы растауға болады.
Қалыпты жарқыл шығысын жарқыл түзетілімін ±0,0 мəніне
орнату арқылы қалпына келтіруге болады. SCENE режимін
қоспағанда фотокамераны өшіргенде жарқыл түзетілімі
қалпына келтірілмейді (SCENE режимінде басқа режим
таңдалғанда немесе фотокамера өшірілгенде жарқыл түзетілімі
қалп
ына келтіріледі).
A Сонымен қатар келесіні қараңыз
Мыналар туралы ақпарат алу үшін:
Жарқыл түзетілімі үшін қолжетімді қадамдардың өлшемін таңдау, A >
b2 (EV steps for exposure cntrl (Экспозицияны басқару үшін ЭМ
қадамдары), 0 262) қолданушы параметрін қараңыз.
Жарқылды пайдаланғанда экспозиция түзетіліміне қоса жарқыл
түзетілімі де пайдаланылатын-пайдаланылмайтынын таңдау, A >
e3 (Exposure comp. for flash (Жарқыл үшін экспозиция түзетілімі),
0 265) қолданушы параметрін қараңыз.
Түсірілімдер қатарында жарқыл деңгейін а
втоматты түрде өзгерту,
«Брекетинг» (0 209) бөлімін қараңыз.