Қолданушы нұсқаулығы
170
4 Фокустаңыз.
Нысанды кадрдың
ортасына орналастырыңыз
да, ысырманы босату
түймешігін жартылай
басып фокустаңыз.
5 Жарқыл деңгейін құлыптаңыз.
Жарқылдың дайындығын білдіретін
индикатордың (M) көрсетілгенін
тексергеннен кейін 1-қадамда
таңдалған басқару тетігін басыңыз. Жарқыл монитордың
алдын-ала шығатын жарқылын шығарып тиісті жарқыл
деңгейін анықтайды. Жарқыл шығысы осы деңгейде
құлыптанады жəне жарқыл қуатының құлпы белгішесі (e)
дисплейде көрсетіледі.
6 Фотосуретті қайта жиектеңіз.
7 Фотосурет түсіріңіз.
Ысырманы босату түймешігін соңына дейін басып суретке
түсіріңіз. Қажет болса, жарқыл қуатының құлпын босатпай
қосымша суреттер түсіруге болады.
8 Жарқыл қуатының құлпын босатыңыз.
Жарқыл қуатының құлпын босату үшін 1-қадамда таңдалған
басқару тетігін басыңыз. Жарқыл қуатының құлпы белгішесі
(e) көрсетіліп тұрмағанын тексеріңіз.










