Қолданушы нұсқаулығы
176
4 Фотосурет түсіріңіз.
5 м немесе азырақ қашықтықтан
ML-L3 таратқышын фотокамерадағы
инфрақызыл қабылдағышқа
бағыттап, ML-L3 ысырманы босату
түймешігін басыңыз. Кідіртілген
қашықтан істейтін жарқыл
режимінде өздігінен түсіруді реттейтін
таймер шамы ысырма босатылатын кезге шамамен екі
секундтай уақыт қалғанда жанады. Жылдам қашықтан басу
пульті режимінде өздігінен түсіруді реттейтін таймер шамы
ысырма босатылғаннан кейін жанады. Қашықтан айнаны
көтеру режимінде ML-L3 ысырманы
босату түймешігін бір
рет басу айнаны көтереді; 30 с кейін немесе түймешік екінші
рет басылғанда ысырма босатылады жəне өздігінен түсіруді
реттейтін таймер шамы жыпылықтайды.
A Суретке түсіру режимі
ML-L3 қосымша қашықтан басқару пульті арқылы түсірілетін суреттер
суретке түсіру режимінің дискі арқылы таңдалған параметрге
қарамастан бір кадрға ілгерілеу режимінде түсіріледі.
D Қосымша ML-L3 қашықтан басқару пульттерін пайдаланудан
бұрын
Қашықтан басқару пультін алғаш рет пайдаланудан бұрын батареяның
оқшаулағыш мөлдір пластмасса қабатын алып тастаңыз.










