Қолданушы нұсқаулығы

177
A Кірістірілген жарқылды пайдалану
Қолмен шығару режимдерінде (0 161) жарқылмен фотосурет түсіру
алдында жарқылды көтеру үшін M (Y) түймешігін басыңыз жəне
жарқылдың дайындығын білдіретін индикатордың (M) көрсетілуін күтіңіз
(0 55). Қашықтан басқару пульті режимі қосулы кезде жарқыл
көтерілсе, суретке түсіру үзіледі. Жарқыл қажет болса, фотокамера
ML-L3 ысырманы босату түймешігіне жарқыл зарядталғанда ғана
жауап береді. Жарқылды а
втома
тты шығару режимдерінде (0 159)
жарқыл қашықтан басқару пульті режимі таңдалған кезде зарядтала
бастайды; зарядталғаннан кейін жарқыл қажет кезде автоматты түрде
шығады жəне жанады.
Қызыл көз əсерін азайтуды қолдайтын жарқыл режимдерінде қызыл көз
əсерін азайту шамы ысырма босатылуы алдында бір секундтай
жанады. Кешіктірілген қашықтан істейтін жарқыл режимінде өздігінен
түсіруді реттейтін таймер шамы екі секун
д бойы, содан кейін ысыр
ма
босатылуы алдында бір секунд бойы жанатын қызыл көз əсерін азайту
шамы жанады.
A Қашықтан басқару пульті режимінде фокустау
Үздіксіз бақылағыш автофокус таңдалған болса, фотокамера фокусты
үздіксіз реттемейді; дегенмен, таңдалған автофокус режиміне
қарамастан, суретке түсіру алдында фотокамераның ысырманы босату
түймешігін жартылай басу арқылы фокустауға болатынын ескеріңіз.
Егер автоматты немесе əр кадр бойынша бақылағыш автофокустау
таңдалған болса, я болмаса, фотокамера кешіктірілген немесе жылдам
қашықтан басу пульті режимінде тіке
лей көріністе болса, фо
токамера
суретке түсіру алдында фокусты автоматты түрде реттейді; егер
көріністапқыш арқылы фотосурет түсіру кезінде фокустай алмаса,
фотокамера ысырманы босатусыз күту режиміне оралады.
A Қашықтан айнаны көтеру режимі
Айна көтеріліп тұрған кезде фотосуреттерді көріністапқышта жəне
автофокуста жақтауға алу мүмкін емес, сондай-ақ, өлшеу
орындалмайды.