Қолданушы нұсқаулығы
181
4 Жазуды бастаңыз.
Жазуды бастау үшін бейнефильмді
жазу түймешігін басыңыз. Жазу
индикаторы жəне қол жетімді уақыт
мониторда көрсетіледі.
Экспозицияны A AE-L/AF-L
түймешігін басу арқылы құлыптауға
болады (0 125) немесе экспозиция
түзетілімін пайдаланып
1
/3 ЭМ
қадамдарымен ±3 ЭМ дейін өзгертуге
болады (0 127); нүктелі
экспоөлшегіш қолжетімді емес.
Автофокус режимінде фотокамераны
ысырманы босату түймешігін
жартылай басу немесе нысанды
мониторда нұқу арқылы қайта
фокустауға болады.
A Дыбыс
Фотокамера бейне мен дыбысты жаза алады; бейнефильмді жазу
кезінде фотокамера алдындағы микрофонды жаппаңыз.
Кірістірілген микрофон автофокус, дірілді азайту кезінде
фотокамера немесе объектив, я болмаса, апертураға енгізілген
өзгертулер тудырған дыбыстарды жазуы мүмкін екенін ескеріңіз.
Бейнефильмді жазу
түймешігі
Жазу индикаторы
Қалған уақыты










