Қолданушы нұсқаулығы

xix
Деректерді сақтау құрылғыларын лақтыру
Кескіндерді өшіру немесе жад карталарын немесе өзге де деректерді сақтау
құрылғыларын пішімдеу бастапқы ескін мəліметін толық өшірмейтінін ескеріңіз.
Өшірілген файлдарды кейде еркін сатылымдағы бағдарламалар көмегімен
лақтырылған сақтау құрылғыларынан шығарып алуға болады, бұл жеке
суреттерді арам пиғылда пайдалануға əкелуі мүмкін. Мұндай деректердің
құпиялылығын қамтамасыз ету қолданушының өз жауапкершілігі болып
табылады.
Деректерді сақтау құ
рылғысын лақтырудан
немесе меншік құқығын басқа
адамға аударудан бұрын, еркін сатылыдағы бағдарлама көмегімен барлық
деректерді өшіріңіз немесе құрылғыны пішімдеңіз жəне содан кейін ешқанай
жеке мəліметті қамтымайтын суреттермен (мысалы, ашық аспан суреттері)
толтырыңыз. Деректерді сақтау құрылғыларын физикалық тұрғыдан жойған
кезде жарақат алып қалмау үшін сақ болу қажет.
Фотокамераны қоқысқа лақтыру немесе иелікті басқ
а тұлғағ
а тапсыру алдында
да фотокамераның баптау мəзіріндегі Reset all settings (Барлық
параметрлерді қалпына келтіру) параметрін пайдаланып, бүкіл жеке желі
туралы ақпаратты жою керек.