Қолданушы нұсқаулығы

186
D Кері санақ индикаторы
Тікелей көріністің автоматты аяқталуына 30 с қалғанда кері санақ
көрсетіледі (тікелей көрініс ішкі тізбектерді қорғау үшін аяқталмақ болса
немесе c4—Monitor off delay (Мониторды өшіруді кешіктіру) > Live
view (Тікелей көрініс) қолданушы параметрі үшін No limit (Шексіз)
параметрінен басқа параметр таңдалған болса; 0 263—монитордың
автоматты түрде өшуіне 5 с қалғанда таймер қызыл түспен жанады).
Суретке түсіру жа
ғдайларына байланысты та
ймер тікелей көрініс
таңдалған кезде бірден пайда болуы да мүмкін. Қол жетімді жазу
уақытының мөлшеріне қарамастан таймердің мерзімі біткенде
бейнефильм жазу автоматты түрде аяқталады.
A Бейнефильм жазу кезінде параметрлерді реттеу
Жазу кезінде құлаққаптың дыбыс деңгейін реттеу мүмкін емес. Қазіргі
уақытта I (микрофон өшірулі) параметрінен басқа параметр таңдалған
болса, жазу орындалып жатқанда микрофон сезімталдығын I
параметрінен басқа кез келген параметрге өзгертуге болады.