Қолданушы нұсқаулығы

191
Бейнефильм режимінде фотосуреттер түсіру
Бейнефильм режимінде (тікелей көріністе немесе
бейнефильм жазу кезінде) фотосуреттер түсіру үшін
g1 (
Custom control assignment (Қолданушы
басқару тетігін тағайындау)
) қолданушы параметрі >
Shutter-release button (Ысырманы босату
түймешігі)
үшін
Take photos (Фотосуреттер түсіру)
пəрменін
таңдаңыз (
0
267). Содан кейін арақатынасы 16 : 9
фотосуреттерді ысырманы босату түймешігін соңына дейін басу
арқылы кез келген уақытта түсіруге болады. Егер бейнефильмді
жазу орындалып жатса, жазу аяқталады жəне сол нүктеге дейін
жазылған түсірілген бөлік сақталады.
3840 × 2160 кадр өлшемін қоспағанда (0 188), фотосуреттер
фотосурет түсіру мəзірінде Image quality (Кескін сапасы) үшін
таңдалған пішімде жазылады (0 97); 3840 × 2160 кадр
өлшемінде түсірілген фотосуреттер JPEG жоғары сапалы
кескін сапасымен жазылады. Кескін өлшемі туралы ақпаратты
«Кескін өлшемі» (0 192) бөлімінен қараңыз. Тікелей көрініс
селекторы 1 күйіне бұралған болса, фотосуреттердің
экспозициясын алдын ала қарау мүмкін емес екенін ескеріңіз; M
режимінде дəл нəтижелерге тікелей көрініс селе
кторы C күйіне
бұралған күйде экспозицияны алдын ала қарау арқылы жетуге
болады.