Қолданушы нұсқаулығы

193
D Бейнефильмдерді жазу
Бейнефильмдер sRGB түс кеңістігінде жазылады. Жыпылықтау,
жолақтар немесе бұрмалану мониторда жəне түпкілікті бейнефильмде
флюоресцентті, сынап газ разрядты немесе натрий газ разрядты
шамдар астында немесе нысандар қозғалып жатса, əсіресе,
фотокамера көлденеңінен панорамаланғанда немесе кадрдағы нысан
көлденеңінен жылдам қозғалғанда көрінуі мүмкін (жыпылықтау жəне
жолақтарды азайту туралы ақпаратты Flicker reduction
(Жыпылықтауды азайту) бөлімінен қараңыз, 0 259). Жы
пылықта
у
электр жетекті апертура пайдаланылып жатқанда да пайда болуы
мүмкін. Кертілген шеттер, түсті жиек, муар əсері жəне жарық нүктелер
да пайда болуы мүмкін. Жыпылықтаған белгілер жəне басқа
жылтылдайтын жарық көздері бар кадрдың кейбір аумақтарында я
болмаса нысан импульстық немесе басқа жарық, лездік жарық көзімен
қысқаша жарықтандырылғанда ашық түсті аумақтар немесе жолақтар
па
йда бо
луы мүмкін. Фотокамераны күнге немесе өзге қатты жарық
көздеріне бағыттамаңыз. Бұл сақтық шарасын орындамау нəтижесінде
фотокамераның ішкі схемалары зақымдалуы мүмкін. Бейнефильм
режимінде объективтегі көріністі ұлғайтсаңыз, бұрмалану (кездейсоқ
орналасқан жарық нүктелер, түстердің əркелкілігі немесе сызықтар)
жəне күтпеген түстер (0 57) пайда болуы мүмкін екенін ескеріңіз.
Жарқыл жарығын пайдалану мүмкін емес.
Объе
ктив алынса, я болмас
а, режимді таңдау дискі немесе тікелей
көрініс селекторы жаңа параметрге бұралса, жазу автоматты түрде
аяқталады.
Тікелей көріністі ұзақ уақыт бойы пайдалану
тұтқаның жəне фотокамераның монитор
айналасындағы аумақтарының қызуына
əкелуі мүмкін. Бұл ақауды білдірмейді.
A Тікелей көрініс кезінде дыбыстық сигнал шығарады
Апертураны реттесеңіз, тікелей көрініс селекторын пайдалансаңыз
немесе тікелей көрініс кезінде режимді таңдау дискін айналдырсаңыз,
дыбыстық сигнал шығуы мүмкін. Бұл қатені немесе ақаулықты
көрсетпейді.
Бұл аумақ əсіресе
қатты қызады.