Қолданушы нұсқаулығы
xx
AVC Patent Portfolio лицензиясы
БҰЛ ӨНІМ AVC PATENT PORTFOLIO ЛИЦЕНЗИЯСЫ АЯСЫНДА (i) БЕЙНЕ ФАЙЛДЫ AVC
СТАНДАРТЫНА САЙ («AVC БЕЙНЕ») КОДТАУ ЖƏНЕ/НЕМЕСЕ (ii) ЖЕКЕ ЖƏНЕ
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ƏРЕКЕТПЕН АЙНАЛЫСҚАН ТҰТЫНУШЫ ТАРАПЫНАН КОДТАЛҒАН
ЖƏНЕ/НЕМЕСЕ AVC БЕЙНЕ ФАЙЛЫН ҰСЫНУ ЛИЦЕНЗИЯСЫНА ИЕ БЕЙНЕ ФАЙЛ
ПРОВАЙДЕРІНЕН АЛЫНҒАН AVC БЕЙНЕ ФАЙЛЫН ДЕКОДТАУ ҮШІН ТҰТЫНУШЫНЫҢ ЖЕКЕ
ЖƏНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС МАҚСАТТА ҚОЛДАНУЫНА АРНАЛҒАН. БҰЛ ЛИЦЕНЗИЯ БАСҚА
БІР МАҚСАТТА ҚОЛДАНУ ҮШІН БЕРІЛМЕЙДІ ЖƏНЕ ОНДАЙ ҚОЛДАНЫС МҮМКІНДІГІН
ҚАРАСТЫРМАЙДЫ. ҚОСЫМША МƏЛІМЕТТІ MPEG LA, L.L.C. КОМПАНИЯСЫНАН АЛУҒА
БОЛАДЫ. КЕЛЕСІ САЙТТЫ ҚАРАҢЫЗ http://www.mpegla.com
Nikon сауда белгісінің электронды керек-жарақтарын ғана
қолданыңыз
Nikon фотокамералары ең жоғарғы стандарттарға сай жасалған жəне күрделі
электрондық схемаларды қамтиды. Осы Nikon сандық фотокамерасында ғана
пайдалану үшін Nikon тарапынан сертификатталған Nikon сауда белгісінің
электронды керек-жарақтары (зарядтау құрылғыларын, батареяларды,
айнымалы ток адаптерлерін жəне флештік керек-жарақтарды қосқанда) ғана
осы электрондық схемалардың қызметтік жəне қауіпсіздік талаптары
шеңберінде жұмыс істейтіндігі расталған жəне сол үшін жасалған.
Nikon сауда белгісіне жа
тпа
йтын электрондық керек-
жарақтарды пайдалану фотокамераны зақымдауы жəне Nikon
кепілдігін жоюы мүмкін. Оң жақта көрсетілген Nikon
компаниясының голографиялық жапсырмасы жоқ үшінші
тараптың қайта зарядталмалы литий-ионды батареяларын
пайдалану фотокамераның қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіруі жəне
батареяның шамадан тыс қызуына, жанып кетуіне, жарылуына немесе ағуына
əкелуі мүмкін.
Nikon сауда белгісінің керек-жарақ
тарына қатысты
қосымша мəлімет алу үшін
Nikon компаниясының жергілікті өкілетті сатушысына хабарласыңыз.










