Қолданушы нұсқаулығы
199
9 Көшірмені сақтаңыз.
Көшірмені жаңа файлға сақтау үшін
Save as new file (Жаңа файл ретінде
сақтау) пəрменін белгілеп, J
түймешігін басыңыз. Бастапқы
бейнефильм файлын өңделген
көшірмемен ауыстыру үшін Overwrite
existing file (Бар файлды қайта жазу) пəрменін белгілеп, J
түймешігін басыңыз.
A Бейнефильмдердің кадр шеттерін кесу
Бейнефильмдердің ұзақтығы кем дегенде екі секунд болуы керек. Жад
картасындағы бос орын жеткіліксіз болса, көшірме сақталмайды.
Көшірмелердің жасалу уақыты мен күні бастапқы түпнұсқамен бірдей
болады.
A Бастапқы жəне соңғы түсірілген бөлікті жою
Бейнефильмнен тек бастапқы түсірілген бөлікті жою үшін 7-қадамға
6-қадамда L (U) түймешігін баспай өтіңіз. Тек соңғы түсірілген
бөлікті жою үшін 4-қадамда End point (Соңғы нүкте) параметрін
таңдаңыз, соңғы кадрды таңдаңыз жəне 7-қадамға 6-қадамда L (U)
түймешігін баспай өтіңіз.
A Өңдеу мəзірі
Бейнефильмдерді өңдеу мəзіріндегі Edit movie (Бейнефильмді
өңдеу) параметрін пайдаланып та өңдеуге болады (0 277).










