Қолданушы нұсқаулығы
200
Таңдалған кадрларды сақтау
Таңдалған кадрдың көшірмесін JPEG пішіміндегі сурет ретінде
сақтау үшін келесі əрекеттерді орындаңыз:
1 Бейнефильмді қажет кадрда
кідіртіңіз.
Бейнефильмді «Бейнефильмдерді
көру» (0 194) бөлімінде
сипатталғандай ойнатыңыз,
ойнатуды бастау жəне жалғастыру
үшін J түймешігін жəне кідірту үшін
3 түймешігін басыңыз. Көшіргіңіз
келетін кадрға келгенде бейнефильмді кідіртіңіз.
2 Save selected frame (Таңдалған
кадрды сақтау) пəрменін таңдаңыз.
Ағымдағы кадрдың JPEG көшірмесін
жасау үшін i түймешігін басыңыз,
содан кейін Save selected frame
(Таңдалған кадрды сақтау)
пəрменін белгілеңіз жəне J
түймешігін басыңыз (0 97).
A Таңдалған кадрды сақтау
Save selected frame (Таңдалған кадрды сақтау) параметрімен
жасалған JPEG пішіміндегі бейнефильм суреттерін өңдеу мүмкін емес.
JPEG бейнефильм суреттерінде фотосурет туралы мəліметтің кейбір
санаттары болмайды (0 231).










