Қолданушы нұсқаулығы

xxi
D Тек Nikon компаниясының шынайы керек-жарақтарын
пайдаланыңыз
Nikon тарапынан Nikon сандық фотокамерасында пайдалану үшін
сертификатталған Nikon компаниясының зауыттық үлгіге сай керек-
жарақтары ғана оның жұмыстық параметрлеріне жəне қауіпсіздік
талаптарына сай келеді. Ө
ЗГЕ КОМПАНИЯЛАР ШЫҒАРҒАН КЕРЕК-
ЖАРАҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ФОТОКАМЕРАНЫ ЗАҚЫМДАУЫ ЖƏНЕ NIKON
КЕПІЛДІГІНІҢ ЖАРАМДЫЛЫҒЫН ТОҚТАТУЫ МҮМКІН.
A Маңызды суреттерді түсіруден бұрын
Маңызды оқиғаларда (үйлену тойлары сияқты жағдайларда немесе
фотокамераны сапарға алудан бұрын) суреттерді түсіруден бұрын,
фотокамера дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізу үшін суретті
сынақ ретінде түсіріп өріңіз. Nikon компаниясы өнімнің дұрыс
істемеуінен болған шығынға немесе жоғалған табысқа жауап бермейді.
A Өмір бойы білім алу ұстанымы
Nikon компаниясының өнімге қолдау көрсету жəне үйренуге
бағытталған «өмір бойы білім алу» ұстанымы аясында, үнемі
жаңартылып тұратын мəліметті онлайн режимде келесі сайттардан
алуға болады:
АҚШ-тағы қолданушылар үшін: http://www.nikonusa.com/
Еуропа жəне Африкадағы қолданушылар үшін:
http://www.europe-nikon.com/support/
Азия, Океания жəне Таяу Шығыстағы қолданушылар үшін:
http://www.nikon-asia.com/
Өнім туралы ең соңғы мəліметті, кеңест
ерді, жиі қойылаты
н сұрақтарға
(ЖҚС) берілген жауаптарды жəне сандық кескіндерге жəне фотосурет
түсіруге қатысты жалпы кеңес алып отыру үшін мына сайттарға кіріңіз.
Қосымша ақпаратты аумақтағы Nikon өкілінен алуға болады. Байланыс
ақпаратын алу үшін келесі URL мекенжайын қараңыз:
http://imaging.nikon.com/