Қолданушы нұсқаулығы
204
A Сонымен қатар келесіні қараңыз
Ақпараттық дисплейдегі əріптердің түсін өзгерту туралы ақпаратты B >
Information display (Ақпараттық дисплей) (0 269) бөлімінен
қараңыз.
A Y («Сағат орнатылмаған») белгішесі
Фотокамера сағатына қуат тəуелсіз, қайта зарядталмалы қуат көзінен
беріледі, ол негізгі батарея салынған немесе фотокамераға қосымша
қуат жалғағышы жəне айнымалы ток адаптері арқылы қуат берілген
кезде қажетінше зарядталады (0 287). Екі күн зарядтау сағатқа
шамамен үш ай бойы қуат береді. Ақпараттық дисплейде Y белгішесі
жыпылықтаса, сағат қалпына келтірілген жəне жаңа фот
осуретт
ерде
жазылатын күн мен уақыт дұрыс болмайды. Сағатты дұрыс уақыт пен
күнге орнату үшін баптау мəзіріндегі Time zone and date (Уақыт
белдеуі жəне күн) > Date and time (Күн жəне уақыт) параметрін
пайдаланыңыз (0 268).










