Қолданушы нұсқаулығы

209
Брекетинг əр түсірілімде экспозицияны, жарқыл деңгейін, Active
D-Lighting (Қосылған D-Lighting) (ADL) немесе ақ түс балансын
автоматты түрде өзгертіп, ағымдағы мəнді «қапсырады». Дұрыс
параметрлерді алу қиын жəне əр түсірілімде нəтижелерді
тексеруге жəне параметрлерді реттеуге уақыт жоқ
жағдайларда, я болмаса, бір нысан үшін əр түрлі
параметрлермен тəжірибелер жасау үшін таңдаңыз.
Брекетинг фотосурет түсіру мəзіріндегі
Auto bracketing set (Брекетингті
автома
тты түрде орнату) параметрін
пайдаланып реттеледі. Ол келесі
параметрлерді қамтиды:
AE & flash bracketing (АЭ жəне
жарқыл брекетингі): фотокамера
фотосуреттер қатарында экспозиция мен жарқыл деңгейін
өзгертіп отырады (0 210). Жарқыл брекетингі тек i-TTL
режимінде жəне, қолдау көрсетілсе, автоматты апертура (qA)
кірістірілген жарқылды басқару режимдерінде қолжетімді
екенін ескеріңіз (0 165).
AE bracketing (АЭ брекетингі): фотокамера фотосуреттер
қатарында экспозицияны өзге
ртіп отырады.
Flash bracketing (Жарқыл брекетингі): фотокамера
фотосуреттер қатарында жарқыл деңгейін өзгертіп отырады.
WB bracketing (Ақ түс балансының брекетингі):
фотокамера əр фотосуреттің бірнеше көшірмесін жасайды,
əрқайсысының ақ түс балансы əр түрлі болады (0 215).
ADL bracketing (ADL брекетингі): фотокамера фотосуреттер
қатарында Қосылған D-Lighting мəнін өзгертіп отырады
(0 219).
Брекетинг (Тек P, S, A жəне M режимдері)