Қолданушы нұсқаулығы
213
❚❚ Брекетингті болдырмау
Брекетингті болдырмау үшін BKT түймешігін басыңыз жəне
брекетинг тізбегінде түсірілімдер қалмағанша, əрі басқару
панелі мен көріністапқышта брекетинг индикаторлары өшкенше
басты басқару дискін бұраңыз. Соңғы қолданылған бағдарлама
келесі рет брекетинг іске қосылғанда қалпына келтіріледі.
Сондай-ақ, брекетингті екі түймешікті басу арқылы қалпына
келтіруді (0 206) орындап болдырмауға болады, бірақ бұл
жағдайда брекетинг бағдарламасы келесі рет бр
екетинг іске
қосылғанда қалпына келтірілмейді.
A Нөл түсірілім
Брекетинг тізбегінде түсірілімдер қалмағанда тікелей көрініс
дисплейінде «–/–» көрсетіледі.
A Экспозиция жəне жарқыл брекетингі
Үздіксіз суретке түсіру режимдерінде (0 86) суретке түсіру брекетинг
бағдарламасында көрсетілген түсірілімдер саны түсіріліп болғанда
кідіреді. Келесі рет ысырманы босату түймешігі басылғанда суретке
түсіру жалғасады.
Тізбектегі барлық түсірілімдер түсіріліп болғанша жад картасы толып
кетсе, жад картасын ауыстырғаннан немесе жад картасында орын
босату үшін түсірілімдер жойылғаннан кейін суретке түсіруді тізбектегі
келесі түсірілі
мнен баст
ап жалғастыруға болады. Егер тізбектегі
барлық түсірілімдер түсірілгенше фотокамера өшірілсе, фотокамера
қосылған кезде брекетинг тізбектегі келесі түсірілімнен жалғасады.










