Қолданушы нұсқаулығы

218
❚❚ Брекетингті болдырмау
Брекетингті болдырмау үшін BKT түймешігін басыңыз жəне
брекетинг тізбегінде түсірілімдер қалмағанша, əрі басқару
панелі мен көріністапқышта брекетинг индикаторлары өшкенше
басты басқару дискін бұраңыз. Соңғы қолданылған бағдарлама
келесі рет брекетинг іске қосылғанда қалпына келтіріледі.
Сондай-ақ, брекетингті екі түймешікті басу арқылы қалпына
келтіруді (0 206) орындап болдырмауға болады, бірақ бұл
жағдайда брекетинг бағдарламасы келесі рет брек
етинг іске
қосылғанда қалпына келтірілмейді.
A Тікелей көрініс
Тікелей көріністе брекетинг параметрлері мониторда көрсетіледі.
A Нөл түсірілім
Брекетинг тізбегінде түсірілімдер қалмағанда тікелей көрініс
дисплейінде «–/–» көрсетіледі.
A Ақ түс балансының брекетингі
Ақ түс балансының брекетингін NEF (RAW) пішіміндегі кескін
сапасында пайдалану мүмкін емес. NEF (RAW) немесе NEF (RAW) +
JPEG параметрін таңдау ақ түс балансының брекетингін
болдырмайды.
Ақ түс балансының брекетингі тек түс температурасына əсер етеді (ақ
түс балансы дəл реттеу дисплейіндегі сары-көк білік, 0 134). Жасыл-
қою қызыл білікте ешбір реттеулер жасалмайды.
Өздігінен түсіруді реттейтін та
ймер режимінде (0 89) ақ түс балан
сы
бағдарламасында көрсетілген көшірмелер саны c3 (Self-timer
(Өздігінен түсіруді реттейтін таймер)) > Number of shots
(Түсірілімдер саны) қолданушы параметрі үшін таңдалған параметрге
қарамастан ысырма босатылған сайын жасалады (0 263).
Фотокамера жад картасына қатынасу шамы жанып тұрғанда өшірілсе,
ол тізбектегі барлық фотосуреттер түсіріліп болғаннан кейін ғана өшеді.