Қолданушы нұсқаулығы
223
GP-1/GP-1A GPS бөлігін (бөлек сатылады) фотокамераның
қосымша керек-жарақ жалғағышына (0 1) GP-1/GP-1A
бөлігімен бірге қамтамасыз етілген кабельді пайдаланып қосуға
болады. Бұл фотосуреттер түсіргенде фотокамераның
ағымдағы орны туралы ақпаратты жазуға мүмкіндік береді.
GP-1/GP-1A бөлігін қоспай тұрып фотокамераны өшіріңіз;
қосымша ақпаратты GP-1/GP-1A нұсқаулығынан қараңыз.
❚❚ Баптау мəзірінің параметрлері
Баптау мəзіріндегі Location data (Орын деректері)
элементінде төменде көрсетілген параметрлер бар.
• Position (Орын): ағымдағы ендік, бойлық, биіктік жəне
əмбебап үйлестірілетін уақыт (UTC).
• External GPS device options (Сыртқы GPS құрылғысының
параметрлері) > Standby timer (Күту режимінің таймері):
GPS құрылғысы жалғанған кезде күту режимінің таймері
қосылатын-қосылмайтынын таңдаңыз.
• External GPS device options (Сыртқы GPS құрылғысының
параметрлері) > Set clock from satellite (Сағатты
жерсеріктен орнату): фотокамера сағатын GPS құрылғы
хабарлаған уақытпен синхрондау үшін Yes (Иə) жауабын
та
ңдаңыз.
Орын деректері
Параметр Сипаттама
Enable
(Қосу)
Күту режимінің таймері қосылған. c2 (Standby timer,
0 263) қолданушы параметрінде көрсетілген кезең бойы
əрекеттер орындалмаса, таймердің мерзімі автоматты
түрде бітіп, батареяны тұтыну азаяды. GP-1 немесе
GP-1A құрылғысы қосылған болса, бұл құрылғы
таймердің мерзімі біткеннен кейін орнатылған кезең бойы
белсенді болып қалады; фотокамера орын деректерін
алуға уақыт беру үшін кешігуді экспозиция өлшегіштері
белсендірілгеннен немесе фотокамера қосылған
нан бір
минутқа дейін кейінге ұзартуға болады.
Disable
(Өшіру)
Күту режимінің таймері өшірілген. Бұл орын деректерін
үзіліссіз жазуды қамтамасыз етеді.










