Қолданушы нұсқаулығы
226
Күнтізбені қарау
72 кескін көрсетілген кезде таңдалған
күні түсірілген кескіндерді көру үшін
W (Z) түймешігін басыңыз.
Күндер тізімінде күндерді белгілеу үшін
сенсорлы экранды немесе мульти
селекторды пайдаланыңыз; таңдалған
күні түсірілген суреттер сурет
нобайларының тізімінде көрсетіледі. J
немесе W (Z) түймешігін басқанда
жүгіргі сурет нобайлары тізіміне
орналастырылады, мұнда толық
өлшемде қарау, ойнатуды масштабтау
(0 240), қорғау (0 242)
немесе жою
(0 247) үшін кескіндерді таңдау үшін мульти селекторды
пайдалануға, я болмаса, қазіргі уақытта белгіленген суретті
толық өлшемде көру үшін X (T) түймешігін басып, ұстап
тұруға болады. Күндер тізіміне оралу үшін W (Z) түймешігін
басыңыз. 72 кадрды қараудан шығу үшін жүгіргі күндер тізімінде
болғанда X (T) түймешігін басыңыз.
W (Z) түймешігі
Күндер тізімі
Сурет нобайларының тізімі










