Қолданушы нұсқаулығы

235
A Ойнатуды масштабтау
Гистограмма көрсетілгенде фотосуретті
ұлғайту үшін X (T) түймешігін басыңыз.
Ұлғайту жəне кішірейту үшін X (T) жəне
W (Z) түймешіктерін пайдаланыңыз жəне
кескінді мульти селектормен жүгіртіп
қараңыз. Гистограмма мониторда көрінетін
кескін бөлігіне арналған деректерді ғана
көрсету үшін жаңартылады.
A Гистограммалар
Фотокамера гистограммалары тек нұсқаулық ретінде берілген жəне
кескіндерді өңдеу қолданбаларында көрсетілген гистограммалардан
өзгеше болуы мүмкін. Кейбір гистограмма үлгілері төменде көрсетілген:
Кескінде жарықтығының ауқымы
кең нысандар болса, реңк
үлестірімі салыстырмалы түрде
біркелкі болады.
Кескін күңгірт болса, реңк
үлестірімі солға жылжытылады.
Кескін жарық болса, реңк
үлестірімі оңға жылжытылады.
Экспозиция түзетілімі көбейтілгенде реңк үлестірімі оңға жы
лжиды, ал
экспозиция түзе
тілімі азайтылғанда реңк үлестірімі солға жылжиды.
Гистограммалар айналадағы қатты жарық монитордағы
фотосуреттерді еркін көруді қиындатқан кезде жалпы экспозиция
туралы жалпы мағлұмат бере алады.