Қолданушы нұсқаулығы

242
Толық өлшемде қарау, масштабтау, сурет нобайын жəне
күнтізбені қарау режимдерінде фотосуреттерді кездейсоқ
өшіріліп қалудан қорғау үшін L (U) түймешігін пайдалануға
болады. Қорғалған файлдарды O (Q) түймешігін немесе қарау
мəзіріндегі Delete (Өшіру) параметрін пайдаланып өшіру мүмкін
емес. Жад картасы пішімделген кезде қорғалған кескіндер
өшірілетінін ескеріңіз (0 268).
Фотосуретті қорғау үшін:
1 Кескінді таңдаңыз.
Кескінді толық өлшемде қарау немесе ойнатуды масштабтау
режимінде көрсетіңіз, я болмаса, оны сурет нобайлары
тізімінде белгілеңіз.
2 L (U) түймешігін басыңыз.
Фотосурет P белгішесімен
белгіленеді. Жою мүмкін болуы үшін
фотосуреттен қорғауды алу үшін
фотосуретті көрсетіңіз немесе сурет
нобайлары тізімінде оны белгілеңіз,
содан кейін L (U) түймешігін
басыңыз.
Фотосуреттерді жойылудан қорғау
A Барлық кескіндердің қорғауын алып тастау
Playback folder (Ойнату қалтасы) мəзірінде қазіргі уақытта таңдалған
қалтадағы немесе қалталардағы барлық кескіндерден қорғауды алу
үшін ойнату кезінде L (U) жəне O (Q) түймешіктерін бірге шамамен
екі секунд бойы басыңыз.
L (U) түймешігі