Қолданушы нұсқаулығы

246
Бірнеше фотосуретті таңдау
Бірнеше фотосуреттің кері жүктеу күйін өзгерту үшін төмендегі
қадамдарды орындаңыз.
1 Select image(s) (Кескінд(ерд)і
таңдау) пəрменін таңдаңыз.
Ойнату мəзірінде Select to send to
smart device (Смарт құрылғыға
жіберу үшін таңдау) пəрменін
таңдаңыз, содан кейін Select
image(s) (Кескінд(ерд)і таңдау)
пəрменін белгілеңіз жəне 2 түймешігін басыңыз.
2 Фотосуреттерді таңдаңыз.
Фотосуреттерді белгілеу үшін мульти селекторды
пайдаланыңыз жəне таңдау немесе таңдауды алу үшін
W (Z) түймешігін басыңыз (белгіленген суретті толық
экранда көру үшін X/T түймешігін басып, ұстап тұрыңыз).
Таңдалған фотосуреттер W белгішесімен белгіленеді.
3 J түймешігін басыңыз.
Əрекетті аяқтау үшін J түймешігін басыңыз.
A Барлық фотосуреттерден таңдауды алу
Барлық фотосуреттерден таңдауды алу үшін Select to send to smart
device (Смарт құрылғыға жіберу үшін таңдау) пəрменін таңдаңыз,
Deselect all (Барлығынан таңдауды алу) пəрменін белгілеңіз жəне J
түймешігін басыңыз. Растау диалогтық терезесі көрсетіледі; жад
картасындағы барлық фотосуреттерден кері жүктеу таңбасын алу үшін
Yes (Иə) жауабын белгілеңіз жəне J түймешігін басыңыз.