Қолданушы нұсқаулығы
277
Miniature effect (Миниатюра əсері)
Диорама фотосуреті болып көрінетін
көшірме жасайды. Фокустағы аумақтың
орны мен бағдарын таңдау үшін мульти
селекторды пайдаланыңыз. Жоғарғы
ыңғайлы тұстан түсірілген
фотосуреттерде ең жақсы нəтиже
береді.
Selective color (Таңдамалы түс)
Түсте тек таңдалған реңктер
көрсетілетін көшірме жасайды. Жүгіргіні
қажетті түстер бар нысандардың үстінде
орналастырыңыз жəне A AE-L/AF-L
түймешігін басыңыз. Таңдалған түстер
(ең көбі үш) дисплейдің жоғарғы
жағындағы жақтауларда көрсетіледі;
басты басқару дискін бұрап жақтауды
белгілеңіз жəне таңдалған реңктердің
ауқымын арттыру немесе азайту үшін 1
немесе 3 түймешігін басыңыз.
Painting (Көркем сурет туындысы)
Көркем сурет əсері үшін кішігірім
элементтерді жəне түсті ерекше бөліп
көрсететін көшірме жасайды.
Edit movie (Бейнефильмді өңдеу)
Choose start/end point
(Басталу/аяқталу нүктесін
таңдау)
Бейнефильмдердің өңделген
көшірмелерін жасау үшін түсірілген
бөлік шеттерін кесіңіз немесе таңдалған
кадрларды JPEG пішіміндегі
фотосуреттер ретінде сақтаңыз (0 196).
Save selected frame
(Таңдалған кадрды сақтау)
Side-by-side comparison (Қатар қойып салыстыру)
Өңделген көшірмелерді бастапқы
фотосуреттермен салыстырыңыз. Side-
by-side comparison (Қатар қойып
салыстыру) тек өңделген кескін немесе
түпнұсқа көрсетілгенде толық өлшемде
қарау кезінде i түймешігін басу арқылы
өңдеу мəзірі көрсетілгенде жəне
Retouch (Өңдеу) параметрін
таңдағанда қолжетімді болады.










