Қолданушы нұсқаулығы

283
A Кірістірілген жарқыл
Кірістірілген жарқылдың минималды ауқымы 0,6 м болады жəне оны
макро масштабтау объективтерінің макро ауқымында пайдалану
мүмкін емес. Оны 16 мм – 300 мм фокустық қашықтықтары бар
кірістірілген микропроцессоры бар объективтерде пайдалануға
болады, дегенмен, кейбір жағдайларда объектив түсіретін
көлеңкелерге байланысты кейбір қашқтықтарда немесе фокустық
қашықтықтарда жарқыл нысанның кейбір бөліктерін жарықтандыра
алмауы мүмкін. Төмендегі суреттерде жарқыл пайдаланылғ
анда
объектив т
үсіретін көлеңкелер тудырған виньеттеудің əсері
көрсетілген. 16 мм-ден азырақ фокустық қашықтықтарда
перифериялық жарықтандыру төмендеуі мүмкін.
Көлеңке Виньеттеу
Көлеңкелерді болдырмау үшін блендаларды алып тастаңыз.
Кірістірілген жарқылмен бірге пайдалануға болатын объективтер
туралы қосымша ақпаратты фотокамераның Мəзірлер нұсқаулығында
табуға болады. Ол келесі веб-сайтта жүктеу үшін қол жетімді:
http://downloadcenter.nikonimglib.com/