Қолданушы нұсқаулығы
288
Сақтау
Фотокамера ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған кезде
батареяны алып тастап, оны түйіспе тұс қақпағымен бірге
салқын, құрғақ жерде сақтаңыз. Өңезді немесе зеңді болдырмау
үшін фотокамераны құрғақ, желдетілетін жерде сақтаңыз.
Фотокамераны лигроин немесе камфара нафталин
дөңгелектерімен немесе мына орындарда сақтамаңыз:
• дұрыс желдетілмейтін немесе ылғалдылығы 60 % астам
жерлерде
• теледидар немесе радио сияқты қатты электромагнитті
өрістер шығара
тын
жаб
ды
қтың маңайында
• температуралары 50 °C-тан жоғары немесе –10 °C-тан төмен
жерлерде
Тазалау
Алкогольды, сұйылтқышты немесе өзге де ұшқыр химиялық
заттарды пайдаланбаңыз.
Фотокамераға күтім жасау
Фотокамера
корпусы
Тозаңды жəне мамықты алып тастау үшін ауа үргішті
пайдаланып, жұмсақ, құрғақ шүберекпен ақырын
сүртіп алыңыз. Фотокамераны жағажайда немесе
теңіз жағасында пайдаланғаннан кейін, құм немесе тұз
түйіршіктерін дистильденген сумен ылғалданған
шүберекпен ақырын сүртіп, мұқият құрғатыңыз.
Маңызды: фотокамера ішіндегі шаң-тозаң немесе
өзге де бөгде нəрселер кепілдікке кірмейтін зақымға
əкелуі мүмкін.
Объектив,
айна жəне
көріністапқыш
Мына шыны элементтер оңай зақымдалады. Тозаң
мен ұлпаны ауа үргішпен кетіріңіз. Аэрозольды үргішті
пайдалансаңыз, сұйықтықтың төгілмеуі үшін құтыны
тік күйде ұстаңыз. Саусақ іздері мен басқа дақтарды
кетіру үшін жұмсақ шүберекке объективті тазалайтын
сұйықтықтың аз ғана мөлшерін құйып, ақырын
тазалаңыз.
Монитор
Тозаң мен ұлпаны ауа үргішпен кетіріңіз. Саусақ іздері
мен басқа дақтарды кетірген кезде, сыртқы қабатын
жұмсақ шүберекпен немесе былғары терімен қырын
сүртіңіз. Қатты күш салмаңыз, себебі бұл зақымға
немесе ақауға əкелуі мүмкін.










