Қолданушы нұсқаулығы

289
Кескін сенсорын тазалау
Егер кескін сенсорындағы кір немесе шаң фотосуреттерде
пайда болған тəрізді көрінсе, баптау мəзіріндегі Clean image
sensor (Кескін сенсорын тазалау) параметрін пайдаланып
сенсорды тазалауға болады. Сенсорды Clean now (Қазір
тазалау) параметрін пайдаланып кез келген уақытта тазалауға
немесе тазалауды фотокамера қосулы немесе өшірулі кезде
автоматты түрде орындауға болады.
❚❚ «Clean Now (Қазір тазалау
Фотокамера түбін ұстап тұрып, баптау
мəзірінде Clean image sensor (Кескін
сенсорын тазалау) пəрменін таңдаңыз,
содан кейін Clean now (Қазір тазалау)
пəрменін белгілеп, J түймешігін
басыңыз. Фотокамера кескін сенсорын
тексереді, содан кейін тазалауды
бастайды. Тазалау орындалып жатқанда
басқару панелінде P жыпылықтайды
жəне басқа əрекеттерді орындау мүмкін
емес. Тазалау аяқталғанша жəне баптау
мəзірі көрсетілгенше қуат көзін алмаңыз
немесе ажыратпаңыз.