Қолданушы нұсқаулығы
292
❚❚ Қолмен тазалау
Егер бөгде заттарды кескін сенсорынан баптау мəзіріндегі
Clean image sensor (Кескін сенсорын тазалау) параметрін
пайдаланып кетіру мүмкін болмаса (0 289), сенсорды төменде
сипатталғандай қолмен тазалауға болады. Дегенмен,
сенсордың өте нəзік екенін жəне оңай зақымдалатынын
ескеріңіз. Nikon компаниясы сенсорды тек Nikon
компаниясының қызмет көрсету маманына тазалаттыруды
ұсынады.
1 Батареяны зарядтаңыз немесе айнымалы ток адаптерін
жалғаңыз.
Кескін сенсорын тексерген немесе тазалаған кезде сенімді
қуат көзі қажет. Фотокамераны сөндіріп, толық зарядталған
батареяны салыңыз немесе қосымша айнымалы ток
адаптері мен қуат жалғағышын қосыңыз. Lock mirror up for
cleaning (Тазалау үшін айнаны көтерілген күйде
құлыптау) параметрі фотокамера смарт құрылғыға
Bluetooth арқылы қосылмаған жəне батарея деңгейі J асса
ғана баптау мəзірінде
қолжетімді болады.
2 Объективті алып тастаңыз.
Фотокамераны өшіріп, объективті алыңыз.
3 Lock mirror up for cleaning (Тазалау
үшін айнаны көтерілген күйде
құлыптау) пəрменін таңдаңыз.
Фотокамераны қосыңыз, сөйтіп
баптау мəзірінде Lock mirror up for
cleaning (Тазалау үшін айнаны
көтерілген күйде құлыптау)
параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.










