Қолданушы нұсқаулығы
293
4 J түймешігін басыңыз.
Мониторда хабар көрсетіледі жəне
басқару панелі мен көріністапқышта
сызықтар қатары пайда болады.
Кескін сенсорын тексермей қалыпты
жұмысты қалпына келтіру үшін
фотокамераны өшіріңіз.
5 Айнаны көтеріңіз.
Ысырманы босату түймешігін
соңына дейін басыңыз. Айна
көтеріледі жəне ысырма пердесі
ашылады, сөйтіп кескін сенсоры
көрінеді. Көріністапқыштағы
дисплей өшеді жəне басқару
панелінде сызықтар қатары
жыпылықтайды.
6 Кескін сенсорын тексеріңіз.
Фотокамераны жарық кескін
сенсорына түсетін етіп ұстаңыз,
сөйтіп сенсорда шаңның немесе
түктің бар-жоғын тексеріңіз. Егер
бөгде заттар болмаса, 8-қадамға
өтіңіз.










