Қолданушы нұсқаулығы

294
7 Сенсорды тазалаңыз.
Сенсордан бүкіл шаңды жəне түкті
ауа үргішпен кетіріңіз. Ауа үргіш
қылшағын пайдаланбаңыз, себебі
қылдар сенсорды зақымдауы мүмкін.
Ауа үргіш арқылы кетіруге болмайтын
кірді Nikon компаниясының қызмет
көрсету маманы ғана кетіре алады. Не болса да, сенсорды
ұстауға немесе сүртуге болмайды.
8 Фотокамераны өшіріңіз.
Айна төменгі күйге оралады жəне ысырма пердесі
жабылады. Объективті немесе корпус қақпағын орнына
қайта салыңыз.
A Сенімді қуат көзін пайдаланыңыз
Ысырма пердесі нəзік келеді жəне оңай зақымдалады. Егер
фотокамера айна көтеріліп жатқанда өшсе, перде автоматты түрде
жабылады. Пердені зақымдап алмау үшін мына сақтық шараларын
сақтаңыз:
Айна көтеріліп жатқанда фотокамераны өшірмеңіз немесе қуат көзін
суырмаңыз немесе ажыратпаңыз.
Егер айна көтеріліп жатқан кезде батарея қуаты төмендесе, ысырма
пердесінің жабылатыны жəне екі мин
уттай уақы
ттан кейін айнаның
төмен түсетіні туралы ескерту үшін дыбыс сигналы ойнайды жəне
өздігінен түсіруді реттейтін таймер шамы жыпылықтайды. Тазалауды
немесе тексеруді дереу аяқтаңыз.