Қолданушы нұсқаулығы

295
D Кескін сенсорындағы бөгде заттар
Объективтер немесе корпус қақпақтары алынғанда немесе
ауыстырылғанда фотокамераға кірген бөгде заттар (немесе сирек
жағдайларда, фотокамераның өзіндегі май немесе майда бөлшектер)
кескін сенсорына жабысып, белгілі бір жағдайларда түсірілген
фотосуреттерде көрінуі мүмкін. Объектив салынбаған кезде
фотокамераны қорғау үшін фотокамера корпусының қақпағын орнына
салуды ұмытпаңыз, ол үшін алдымен фотокамера бекіткішіне,
объектив бекіткішіне жə
не корпу
с қақпағына жабысуы мүмкін барлық
шаңды жəне бөгде заттарды тазартыңыз. Шаң-тозаң бар орталарда
корпус қақпағын бекітуге немесе объективтерді ауыстыруға
əрекеттенбеңіз.
Бөгде заттар кескін сенсорына кірсе, «Кескін сенсорын тазалау»
бөлімінде (0 289) сипатталғандай кескін сенсорын тазалау параметрін
пайдаланыңыз. Егер мəселе жалғасса, сенсорды қолмен тазалаңыз
(0 292) немесе сенсорды өкілетті Nikon қызмет к
өрсету
қызметкер
леріне тазалаттырыңыз. Сенсорда бөгде заттардың болуы
əсер еткен фотосуреттерді кейбір кескіндерді өңдеу қолданбаларында
қол жетімді кескінді тазалау параметрлерін пайдаланып өңдеуге
болады.
D Фотокамера мен керек-жарақтарға қызмет көрсету
Фотокамера дəлдікпен істейтін құрылғы болып табылады жəне жүйелі
тексерісті қажет етеді. Nikon компаниясы фотокамераны сатып алған
жерге немесе Nikon компаниясының қызмет көрсету өкіліне бір-екі жыл
сайын тексертуге жəне əр үш-бес жыл сайын техникалық қызмет
көрсету үшін апаруға кеңес береді (бұл қызметтердің ақылы екенін
ескеріңіз). Фотокамераны кəсіби мақсатт
а пайдалансаңыз, жиі
тек
сертіп жəне қаратып тұрған жөн. Фотокамерада жиі қолданылатын
объективтер немесе қосымша жарқыл бөліктері сияқты керек-
жарақтарды фотокамераны тексертуге немесе техникалық қызмет
алуға апарғанда бірге апару қажет.