Қолданушы нұсқаулығы
296
Түсіріп алмаңыз: қатты соққы немесе діріл əсер етсе, өнім дұрыс жұмыс
істемеуі мүмкін.
Құрғақ ұстаңыз: бұл өнім суға төзімді емес жəне суға батырылса немесе
ылғалдылығы жоғары жерде болса, дұрыс істемеуі мүмкін. Ішкі
механизмнің тоттануы жөндеуге келмейтін зақымға əкелуі мүмкін.
Температураның кенет өзгерістерін болдырмаңыз: салқын кезде
жылумен қамтамасыз етілген ғимаратқа кіру немесе шы
ғу сияқты кезде
орын алат
ын температураның оқыс өзгерістері құрылғы ішінде
конденсаттың пайда болуына əкелуі мүмкін. Конденсаттың пайда
болуына жол бермеу үшін температураны оқыс өзгерісіне душар етуден
бұрын тасымалдауға арналған қапқа немесе пластик пакетке салыңыз.
Күшті магниттік өрістерден алыс ұстаңыз: бұл құрылғыны күшті
электрмагниттік сəулелену немесе магниттік өрістер шығаратын
жабдықтың қасында пайдаланбаңыз немесе са
қтамаңыз. Ра
дио
таратқыштар сияқты жабдық шығаратын статикалық зарядтар немесе
магниттік өрістер мониторға кедергі келтіруі, жад картасында сақталған
деректерді зақымдауы немесе өнімнің ішкі тізбегіне əсер етуі мүмкін.
Объективті күнге қаратып қалдырмаңыз: объективті ұзақ уақыт бойы
күнге немесе басқа күшті жарық көзіне бағытталған күйде қалдырмаңыз.
Қатты жарық кескін сенсоры жұмысының нашарлауына əке
луі немесе
фотосуретте
рде ақ түсті бұлдырату əсерін беруі мүмкін.
Қуат көзін суыру немесе ажырату алдында өнімді өшіріңіз: өнім
қосулы немесе кескіндер жазылып немесе өшіріліп жатқан кезде өнімді
розеткадан ажыратпаңыз немесе батареяны алмаңыз. Осындай
жағдайларда қуатты күштеп ажырату деректердің жоғалуына немесе
өнім жадының немесе ішкі тізбектің зақымдалуына əкелуі мүмкін.
Қуаттың кенеттен үзіліп қалмауы үш
ін өнімді бір жерд
ен екінші жерге
айнымалы ток адаптері жалғаулы тұрғанда апаруға əрекет етпеңіз.
Фотокамераға жəне батареяға күтім
жасау: сақтық шаралары










