Қолданушы нұсқаулығы
297
Тазалау: фотокамера корпусын тазалаған кезде, шаң мен ұлпаны
ақырын кетіру үшін ауа үргішті пайдаланыңыз, содан кейін жұмсақ, əрі
құрғақ шүберекпен абайлап сүртіңіз. Фотокамераны жағажайда немесе
теңіз жағасында пайдаланғаннан кейін, құм немесе тұз түйірлерін аздап
таза суға малынған шүберекпен сүртіңіз, содан кейін фотокамераның
толық кебуін күтіңіз. Сирек жағдайларда статикалық электр тогы сұйық
крис
талдық дисплейлер
дің ашығырақ болуына немесе күңгірттенуіне
əкелуі мүмкін. Бұл ақау емес жəне дисплей көп ұзамай өз қалпына келеді.
Объектив пен айна оңай зақымдалады. Тозаң мен ұлпаны ақырын ғана
ауа үргішпен кетіру қажет. Аэрозольды үргішті пайдаланған кезде
сұйықтықтың төгілмеуі үшін құтыны тік күйде ұстаңыз. Объективтегі
саусақ іздеріне немесе басқа дақтарды кетіру үшін жұ
мсақ шүбе
рекке
объективті тазалағыш сұйықтықтың аз ғана мөлшерін құйыңыз жəне
объективті мұқият сүртіңіз.
Кескін сенсорын тазалау туралы ақпаратты «Кескін сенсорын тазалау»
(0 289, 292) бөлімінен қараңыз.
Объектив түйіспелері: объектив түйіспелерін таза ұстаңыз.
Ысырма пердесіне тимеңіз: ысырма пердесі өте жіңішке жəне оңай
зақымдалады. Қандай жағдай болмасын, пердеге күш салмау, оны
тазалағыш құралдармен түрту не
месе ауа үргіштен шы
ғатын қатты ауа
ағысын бағыттамау қажет. Бұл əрекеттер перденің сызылуына,
деформациялануына немесе жыртылуына əкелуі мүмкін.
Ысырма пердесінің түстері біркелкі емес болып көрінуі мүмкін, бірақ бұл
суреттерге əсер етпейді жəне ақаулықты білдірмейді.
Сақтау: зеңнің пайда болуына жол бермеу үшін фотокамераны құрғақ,
əрі жақсы желдетілетін жерде сақтаңыз. Егер айнымалы то
к адаптерін
па
йдалансаңыз, өрт шықпауы үшін адаптерді розеткадан ажыратыңыз.
Егер өнімді ұзақ уақыт бойы пайдаланбайтын болсаңыз, батарея ақпауы
үшін оны алып қойыңыз жəне фотокамераны ылғал тартқышы бар
пластик пакетте сақтаңыз. Дегенмен, фотокамера қабын пластмасса
сөмкеде сақтамаңыз, себебі бұл материалдың бұзылуына əкелуі мүмкін.
Ылғал тартқыштың ылғалды тарту барысында ақырын өз көлемін
жоғалтатынын жəне жү
йелі түрд
е жаңасын салу қажеттігін ескеріңіз.
Зеңнің пайда болуына жол бермеу үшін фотокамераны сақталған
жерінен, кемінде, айына бір рет шығарып тұрыңыз. Фотокамераны
қосыңыз жəне оны қайта салып қоймас бұрын ысырманы бірнеше рет
босатыңыз.
Батареяны салқын, əрі құрғақ жерде сақтаңыз. Батареяны алып тастамас
бұрын түйіспе тұс қақпағын орнына салыңыз.










