Қолданушы нұсқаулығы
298
Монитор туралы ескертпелер: монитор өте жоғары дəлдікпен
жасалған; нүктелердің кемінде 99,99 % істейді, ең көбі 0,01 % жетіспейді
немесе ақаулы болып табылады. Бұл дисплейлердің құрамында үнемі
жанып тұруы (ақ, қызыл, көк немесе жасыл) немесе үнемі өшірулі (қара)
болу мүмкін нүктелер болғандықтан, бұл ақаулық емес жəне құрылғымен
жазылатын кескіндерге əсер етпейді.
Монитордағы кескіндерді қатты жарық астында көру қиын бо
луы мүмкін.
Мониторды кү
шпен баспаңыз, себебі зақымдалуына немесе ақауына
əкелуі мүмкін. Монитордағы тозаң немесе ұлпаларды ауа үргіш арқылы
кетіруге болады. Дақтарды жұмсақ шүберекпен немесе былғары терімен
ақырын сүрту арқылы кетіруге болады. Монитор сынып қалса, сынған
əйнектен жарақат алмау жəне монитордағы сұйық кристалдың теріге
тимеуі немесе көз бен ауызға кіріп кетпеуі үш
ін сақ бо
лу қажет.
Батарея жəне зарядтағыш: дұрыс пайдаланылмаса, батареялар ағуы
немесе жарылуы мүмкін. Батареяларды жəне зарядтау құрылғыларын
пайдаланған кезде мына сақтық шараларын сақтаңыз:
• Осы жабдықта пайдалану үшін құпталған батареяларды ғана
пайдаланыңыз.
• Батареяны отқа салмаңыз немесе шамадан тыс ыстық əсеріне душар
етпеңіз.
• Батареяның шеттерін таза күйде ұстаңыз.
• Ба
тареяны ауысты
рудан бұрын өнімді өшіріңіз.
• Пайдаланбаған кезде батареяны фотокамерадан немесе зарядтау
құрылғысынан шығарыңыз жəне түйіспе тұс қақпағын орнына салыңыз.
Бұл құрылғылар өшірулі болғанның өзінде аздаған заряд алып отырады
жəне батарея қуатын батарея жарамсыз болатындай деңгейге дейін
түсіруі мүмкін. Егер батарея біраз уақыт бойы пайдаланылмайтын
болса, фотокамерадан сақтау үшін алу алдында он
ы фотокамераға
салыңы
з жəне таусылғанша пайдаланыңыз. Батареяны қоршаған орта
температурасы 15 °C–25 °C салқын орында (ыстық немесе өте суық
орындарды таңдамаңыз) сақтау керек. Осы əрекетті əр алты ай сайын
қайталап тұрыңыз.
• Батареяның заряды толық таусылған кезде фотокамераны қайта-қайта
қосу немесе сөндіру батареяның жарамды мерзімін қысқартады.
Пайдалану алдында заряды толығымен таусылған батареяларды
зарядтау кер
ек.










