Қолданушы нұсқаулығы
300
• Бөлме температурасында пайдаланған кезде толығымен зарядталған
батареяның зарядын сақтау уақытының айтарлықтай төмендеуі
батареяны ауыстыру керектігін көрсетеді. Жаңа батареяны сатып
алыңыз.
• Жинақтағы қуат кабелі жəне айнымалы ток адаптері тек MH-25a
зарядтау құрылғысымен бірге пайдалануға арналған. Зарядтау
құрылғысын үйлесімді батареялармен бірге ғана пайдаланыңыз.
Пайдаланбаған кезде розеткадан суырып қойыңыз.
• Зарядтау құрылғысының түйіспелерін қысқа тұйықтамаңыз. Ос
ы сақтық
ша
расын орындамау зарядтау құрылғысының шамадан тыс ысуына
жəне зақымдануына əкелуі мүмкін.
• Пайдалану алдында батареяны зарядтаңыз. Маңызды шараларда
фотосуреттер түсірген кезде толығымен зарядталған қосалқы
батареяңыз дайын болсын. Орналасқан жеріңізге қарай қосалқы
батареяларды тез арада сатып алу қиынға соғуы мүмкін. Салқын
күндері батареяның сыйымдылығы төмендеуі мүмкін екенін ескеріңіз.
Сырттағы салқын ауа райында фот
осуреттер түсіру а
лдында
батареяның толығымен зарядталғанына көз жеткізіңіз. Қосалқы
батареяны жылы жерде ұстаңыз жəне екеуін қажетінше ауыстырыңыз.
Жылығаннан кейін салқын батарея зарядының белгілі бір бөлігі
қалпына келуі мүмкін.
• Пайдаланылған батареяларды бағалы ресурс болып табылады;
жергілікті ережелерге сай қайта өңдеуге тапсырыңыз.










