Қолданушы нұсқаулығы
301
Егер фотокамера күтілгендей жұмыс істемесе, ресми өкілмен
немесе Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілімен
хабарласпай тұрып, төменде берілген жиі кездесетін
мəселелердің тізімін қараңыз.
Батарея/дисплей
Ақауларды жою
Фотокамера қосулы, бірақ жауап бермейді: жазудың аяқталуын
күтіңіз. Егер мəселе қайталанса, фотокамераны өшіріңіз. Егер
фотокамера өшірілмесе, батареяны шығарып, қайта салыңыз немесе
егер айнымалы ток адаптерін пайдалансаңыз, айнымалы ток адаптерін
ажыратып, қайта қосыңыз. Ағымдағы кез келген жазылып жатырған
деректер жоғалатынын ескеріңіз, жазылып болған деректерге қуат көзін
ажырату əсер етпейді.
Көріністапқыш фокуста емес: көріністапқыштың фокусын ретт
еңіз
(0 11). Бұл мəселені шешпесе, əр кадр бойынша бақылағыш
автофокустау (AF-S; 0 100), жалғыз нүктелі АФ (0 103) жəне орталық
фокустау нүктесін (0 110) таңдаңыз, содан кейін жоғары контрастты
нысанды орталық фокустау нүктесінде жақтауға алып, фотокамераны
фокустау үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз.
Фотокамера фокуста болған кезде, нысанды көріністапқышта фокусқа
анық түр
де алу үшін ди
оптрияны реттеу тетігін пайдаланыңыз. Қажет
болса, көріністапқыш фокусын қосымша түзеткіш объективтер көмегімен
əрі қарай реттеуге болады (0 287).
Көріністапқыш күңгірт: толығымен зарядталған батареяны салыңыз
(0 19, 46).
Дисплейлер ескертусіз өшеді: c2 (Standby timer (Күту режимінің
таймері)) немесе c4 (Monitor off delay (Мониторды өшіруді кешіктіру);
0 263) қолданушы параметрі үшін ұзағырақ кідірістерді таңдаңыз.
Басқару панеліндегі немесе көріністапқыштағы ди
сплейлер жауап
берме
йді жəне күңгірт: бұл дисплейлердің жауап беру уақыттары жəне
жарықтығы температураға қарай өзгеріп отырады.
Фокустау нүктесі белгіленген кезде көріністапқыш дисплейі қызыл
түске боялады: бұл көріністапқыштың осы түрі үшін қалыпты жəне
ақаулықты көрсетпейді.










