Қолданушы нұсқаулығы

303
Ысырманы босату түймешігін жартылай басқанда фокус
құлыпталмайды: фокустау режимі үшін AF-C таңдалған кезде немесе
AF-A режимінде қозғалатын нысандарды фотосуретке түсірген кезде
фокусты құлыптау үшін A AE-L/AF-L түймешігін пайдаланыңыз.
Фокустау нүктесін таңдау мүмкін емес:
Фокустау ауыстырғышының құлпын ашу (0 107).
АФ аумағын автоматты түрде таңдау таңдалған немесе тікелей
көріністе бет басымдығы бар АФ таңдалған: басқа режимді таңда
ңыз
(0 103).
Фотокамера қарау режимінде (0 225) немесе мəзірлер пайдаланылуда
(0 250).
Күту режимінің таймерін іске қосу үшін ысырманы босату түймешігін
жартылай басыңыз (0 54).
АФ режимін таңдау мүмкін емес: қолмен реттелетін фокус таңдалған
(0 100, 115).
АФ аумағының режимін таңдау мүмкін емес: қолмен реттелетін фокус
таңдалған (0 100, 115).
Кескін өлшемін өзгерту мүмкі
н емес: Image quality (Кескін сапасы)
параметрі NEF (RAW) деп орнатылған (0 97).
Фотокамера фотосуреттерді баяу жазады: ұзақ экспозицияда
бұрмалануды азайтуды өшіріңіз (0 255).
АФ қосымша шамы жанбайды:
АФ қосымша шамы автофокус режимі ретінде AF-C таңдалса (0 100)
немесе фотокамера AF-A режимінде болғанда үздіксіз бақылағыш
автофокус таңдалған болса жанбайды. AF-S режимін таңдаңыз. АФ
аумағының режимі үші
н АФ аумағын автоматты түрде таңдау
режимінен басқа параметр таңдалса, орталық фокустау нүктесін
таңдаңыз (0 110).
Фотокамера қазіргі уақытта тікелей көріністе.
a9 (Built-in AF-assist illuminator (Кірістірілген АФ қосымша шамы),
0 261) қолданушы параметрі үшін Off (Өшірулі) күйі таңдалған.
Шам автоматты түрде өшті. Үздіксіз пайдаланғанда шам қызуы мүмкін;
оның салқындауын күтіңіз.
Фотосуреттерде жағылған жерлер па
йда болады: алдыңғы жəне
артқы объектив элементтерін тазалаңыз. Егер мəселе қайталана берсе,
кескін сенсорын тазалауды орындаңыз (0 289).