Қолданушы нұсқаулығы
304
Фотосуреттерде бұрмалану (жарық нүктелер, кездейсоқ орналасқан
жарық нүктелер, түстердің əркелкілігі немесе сызықтар) пайда болады
:
• Жарық нүктелерді, кездейсоқ орналасқан жарық нүктелерді, түстердің
əркелкілігін жəне сызықтарды ISO сезімталдықты төмендету арқылы
азайтуға болады.
• 1 с-тан баяуырақ ысырма жылдамдықтарында түсірілген
фотосуреттерде жарық нүктелердің немесе түстердің əркелкілігінің
орын алуын шектеу үшін фотосурет түсіру мəзіріндегі Long exposure
NR (Ұзақ экспозиция БА) параметрін пайдаланыңыз (0 255).
• Түстердің əркелкілігі жəне жарық нүктелер фотокамераның ішкі
температурасы қоршаға
н орта т
емператураларына, ұзақ
экспозицияларға немесе ұқсас себептерге байланысты көтерілгенін
білдіруі мүмкін: суретке түсіруді жалғастырмай тұрып, фотокамераны
өшіріңіз жəне оның салқындауын күтіңіз.
• Жоғары ISO сезімталдықтарда кейбір қосымша жарқыл бөліктерімен
түсірілген фотосуреттерде сызықтар пайда болуы мүмкін; бұл орын
алса, төменірек мəнді таңдаңыз.
• Жоғары ISO сезімталдықтарында, соның ішінде ISO сезімталдықты
автоматты түрде басқару көмегімен жо
ғары мəнде
р таңдалғанда
кездейсоқ орналасқан жарық нүктелерді фотосурет немесе
бейнефильм түсіру мəзірінде High ISO NR (Жоғары ISO БА) үшін High
(Жоғары), Normal (Қалыпты) немесе Low (Төмен) мəнін таңдау
арқылы азайтуға болады (0 255, 259).
•
Жоғары ISO сезімталдықтарында, ұзақ экспозицияларда, бірнеше
экспозицияда жəне жоғары қоршаған орта температураларында немесе
Қосылған D-Lighting қосылып,
Set Picture Control (Picture Control
режимін орнату)
үшін
Flat (Тегіс)
мəнін таңдап (
0
148) немесе Picture
Control параметрлері үшін шекті мəндер таңдалып түсірілген
фотосуреттерде жарық нүктелер, кездейсоқ орналасқан жарық нүктелер,
түстердің əркелкілігі немесе сызықтар көбірек байқалуы мүмкін (
0
151).
•
%
режимінде аз жарықта түсірілген кездейсоқ орналасқан жарық
нүктелер, түстердің əркелкілігі немесе сызықтар көбірек байқалуы мүмкін.
Бейнефильм режимінде жыпылықтау немесе жолақтар пайда
болады: бейнефильм түсіру мəзірінде Flicker reduction
(Жыпылықтауды азайту) параметрін таңдаңыз жəне жергілікті
айнымалы ток қуат көзінің жиілігіне сəйкес параметрді таңдаңыз (0 259).
Тікелей көріністе жарық аймақтар немесе жолақтар пайда болады:
тікелей көрініс кезінде жыпылықтаған белгі, жарқыл немесе ұзақтығы
қысқа басқа жарық көзі пайдаланылған.
Бейнефильмдерде дыбыс жазылмайды: бейнефильм түсіру
мəзірінде Mic
rophone sensitivity (Микрофон сезімталдығы) үшін
Microphone off (Микрофон өшірулі) таңдалған (0 259).










