Қолданушы нұсқаулығы

306
Қарау
Ақ түс балансының брекетингі қол жетімді емес:
NEF (RAW) немесе NEF + JPEG кескін сапасының параметрі кескін
сапасы үшін таңдалған (0 97).
Бірнеше экспозиция режимі қолданылып жатыр (0 256).
Picture Control əсерлері əр кескінде əр түрлі: Set Picture Control
(Picture Control режимін орнату) үшін Auto (Авто) күйі таңдалған, Auto
(Авто) күйіне негізделген Picture Control режимі таңдалған немесе анық
ету, анықтық, контраст немесе қанығуы үшін A (авто) күйі та
ңдалған.
Қатарынан түсірілетін бірнеше фотосуретте бірдей нəтижелерге қол
жеткізу үшін басқа параметрді таңдаңыз (0 151).
Өлшеуді өзгерту мүмкін емес: автоэкспозиция құлпы қосылған (0 125).
Экспозиция түзетілімін пайдалану мүмкін емес: фотокамера M
режимінде. Басқа режимді таңдаңыз.
Ұзақ экспозицияларда бұрмалану (қызылдау аумақтар немесе өзге
бұрмаланулар) пайда болады: ұзақ экспозиция бұрмалануын аз
айтуд
ы
қосыңыз (0 255).
NEF (RAW) пішіміндегі кескін ойнатылмайды: фотосурет NEF + JPEG
кескін сапасымен түсірілген (0 97).
Басқа фотокамералармен жазылған суреттерді көру мүмкін емес:
басқа фотокамерамен жазылған суреттер дұрыс көрсетілмеуі мүмкін.
Ойнату кезінде кейбір фотосуреттер көрсетілмейді: Playback folder
(Ойнату қалтасы) үшін All (Барлығы) параметрін таңдаңыз (0 250).
Фотокамера қалтада кескіндер жоқ деген хабарды көрсетеді:
Playback folder (Ойнату қалтасы) үш
ін All (Барлығы) мəнін таңда
ңыз
(0 250).
«Тік» (портреттік) бағыттағы суреттер «кең» (пейзаждық) бағытта
көрсетіледі:
Фотосурет Auto image rotation (Кескінді автоматты түрде
айналдыру) үшін Off (Өшірулі) күйі таңдалып түсірілген (0 251).
Rotate tall (Тік суреттерді бұру) үшін On (Қосулы) күйін таңдаңыз
(0 251).
Фотосурет кескінді тексере қарау режимінде көрсетіледі (0 227).
Фотосурет түсірілген кезде фотокамера жоғары немесе төме
н
бағытталған.
Суретті өшіру мүмкін емес:
Сурет қорғалған: қорғауды алып тастаңыз (0 242).
Жад картасы құлыпталған (0 22).