Қолданушы нұсқаулығы

307
Суретті өңдеу мүмкін емес: фотосуретті осы фотокамера арқылы əрі
қарай өңдеу мүмкін емес.
Фотосуретті басып шығару үшін таңдау мүмкін емес: фотосурет NEF
(RAW) пішімінде. Фотосуреттерді компьютерге тасымалдап,
Capture NX-D бағдарламасын пайдаланып басып шығарыңыз (0 iv). NEF
(RAW) пішіміндегі фотосуреттерді NEF (RAW) processing (NEF (RAW)
өңдеу) параметрін пайдаланып JPEG пішімінде сақтауға болады
(0 275).
Фотосурет анықтығы жоғары бейне құрылғысында көрсетілмейді:
HDMI кабелі (бөлек сатылады) қосылғанына көз же
ткізіңіз.
Фотосуреттерді компьютерге тасымалдау мүмкін емес: амалдық
жүйе фотокамерамен немесе тасымалдау бағдарламалық
жасақтамасымен үйлесімді емес. Фотосуреттерді компьютерге көшіру
үшін жад картасын оқу құралын пайдаланыңыз.
Capture NX-D ішіндегі «Image Dust Off (Кескіндегі тозаң іздерін
кетірупараметрі қалаған əсерді бермейді: кескін сенсорын тазалау
кескін сенсорындағы шаңның орнын өзгертеді. Кескін сенсорын тазалау
алдында жазылған кескіндегі тозаң іздерін кетір
у анықтамалық
деректерін кескін сенсорын тазалап болғаннан кейін түсірілген
фотосуреттер үшін пайдалану мүмкін емес. Кескін сенсорын
тазалағаннан кейін жазылған кескіндегі тозаң іздерін кетіру анықтамалық
деректерін кескін сенсорын тазалағанға дейін түсірілген фотосуреттер
үшін пайдалану мүмкін емес.
Компьютер NEF (RAW) пішіміндегі кескіндерді фотокамерадан
басқаша көрсетеді: үшінші тарап бағдарламалық жасақтамасы Picture
Control режимдерінің, Active D-Lighting немесе виньетканы басқарудың
əсерлерін көрсетпейді.
Capture NX-D (0 iv) бағдарламасын
пайдаланыңыз.