Қолданушы нұсқаулығы
308
Bluetooth жəне Wi-Fi (сымсыз желілер)
Өзге мəліметтер
Смарт құрылғылар фотокамераның SSID (желілік атау) көрсетпейді:
• Фотокамераның баптау мəзірінде Airplane mode (Ұшақ режимі) үшін
Disable (Өшіру) параметрі таңдалғанын тексеріңіз (0 272).
• Фотокамераның баптау мəзірінде Bluetooth > Network connection
(Желілік қосылым) үшін Enable (Қосу) параметрі таңдалғанын
тексеріңіз.
• Смарт құрылғының Wi-Fi функциясын өшіріп, қайта қосып көріңіз.
Сымсыз принтерлерге жəне басқа сымсыз құрылғыларға қосылу
мүмкін емес: бұл фотокамера SnapBridg
e қолданбасы орнатылған
құрылғыларға ғана қосыла алады.
Жазу күні дұрыс емес: фотокамера сағатының дəлдігі қол
сағаттарының жəне тұрмыстық сағаттардың көпшілігінен азырақ.
Сағатты дəл сағаттарға сəйкес жиі тексеріп, қажетінше дұрыстап
тұрыңыз.
Мəзір элементін таңдау мүмкін емес: параметрлердің кейбір
тіркесімдерінде немесе жад картасы салынбаған кезде кейбір
параметрлер қол жетімді болмайды. Фотокамера қосымша қуат
жалғағышы немесе айнымалы то
к адаптері арқылы қуат көзіне
қосылғанда Battery info (Батарея туралы мəлімет) параметрі қол
жетімді болмайтынын ескеріңіз.










