Қолданушы нұсқаулығы

326
A Қолдауға ие стандарттар
DCF 2.0 нұсқасы: Design Rule for Camera File Systems
(Фотокамераның файлдық жүйесіне арналған жобалық ереже) (DCF)
фотокамералардың түрлі маркалары арасында үйлесімділікті
қамтамасыз ету үшін сандық фотокамера саласында кеңінен
пайдаланылатын стандарт болып табылады.
Exif 2.31 нұсқасы: фотокамера Exif (Exchangeable Image File Format
for Digital Still Cameras) (Сандық фотоаппаратқа арналған кескін
файлдарының өзара алмасымды пішімі) 2.31 нұсқасына қолдау
көрсетеді, бұл стандарт бойынша фотосуреттермен бірге са
қталған
ақпарат кескіндер Exif
стандартымен үйлесімді принтерлерде
шығарылған кезде оңтайлы түс репродукциясы үшін пайдаланылады.
PictBridge: сандық фотокамера жəне принтер шығару салаларының
бірлестігі арқасында пайда болған жəне суреттерді компьютерге
көшірместен тікелей принтерге жіберуге мүмкіндік беретін стандарт.
HDMI: High-Definition Multimedia Interface HDMI үйлесімді
құрылғыларға бір кабельдік қосылым арқылы дыбыс-бейне
деректерін жəне бақылау сиг
налдарын тасы
малдай алатын
тұрмыстық электроника жəне дыбыс/бейне құрылғыларында
пайдаланылатын, мультимедиалық интерфейстерге арналған
стандарт болып табылады.
A Сəйкестік белгілері
Фотокамера сəйкес келетін стандарттарды баптау мəзіріндегі
Conformity marking (Сəйкестік белгілері) параметрін пайдаланып
көруге болады (0 273).
A FreeType лицензиясы (FreeType2)
Бұл бағдарламалық жасақтаманың бөліктері авторлық құқықпен
қорғалған © 2012 The FreeType Project (http://www.freetype.org). Барлық
құқықтар қорғалған.
A MIT лицензиясы (HarfBuzz)
Бұл бағдарламалық жасақтаманың бөліктері авторлық құқықтармен қорғалған
© 2017 The HarfBuzz Project (http://www.freedesktop.org/wiki/Software/HarfBuzz).
Барлық құқықтар қорғалған.