Қолданушы нұсқаулығы

330
❚❚ Фокустау
Фокустау режимін фотокамераның фокустау режимі жəне
объективтің A-M режимін ауыстырғышының орны анықтайды.
Фотокамераның фокустау режимін таңдау туралы ақпаратты
фотокамера нұсқаулығынан қараңыз.
* Қолмен қосымша реттеу тек фотокамера арқылы əр кадр бойынша
бақылағыш АФ (AF-S) режимі таңдалғанда қолжетімді.
Автофокус
Қолмен реттелетін фокус
❚❚
Масштабтау жəне анық түсірілетін кеңістік тереңдігі
Фокустау алдында фокустық қашықтықты реттеу жəне
фотосуретті жақтауға алу үшін масштабтау сақинасын
айналдырыңыз. Фотокамера анық түсірілетін кеңістік тереңдігін
алдын ала қарауды (күңгерттеу) ұсынса, анық түсірілетін
кеңістік тереңдігін көріністапқышта алдын ала қарауға болады.
Ескертпе: фокустау қашықтығы қысқарғанда фокустық
қашықтық азаяды.
Фотокамераның
фокустау режимі
Объективтің фокустау режимі
A M
АФ
Қолмен қосымша
реттеуге болатын
автофокустау
*
Электрондық қашықтықты
өлшегіш арқылы қолмен
реттелетін фокус
MF
1 Фотокамераны АФ (автофокус) режиміне орнатыңыз.
2
Объективтің A-M режимін ауыстырғышын A режиміне
сырғытыңыз.
3 Фокустаңыз.
Фокустау үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз.
Əр кадр бойынша бақылағыш АФ (
AF-S
) режимінде фокусты
автофокустау əрекеті аяқталғаннан кейін ысырманы босату
түймешігін жартылай басып тұру жəне фокустау сақинасын
қолмен бұрау арқылы реттеуге болады. Автофокустау əрекеті
аяқталғанша фокустау сақинасын бұрамаңыз. Автофокусты
пайдаланып қайта фокустау үшін ысырманы босату түймешігін
жартылай басыңыз немесе
AF-ON
түймешігін басыңыз.
1A-M режимін ауыстырғышты M режиміне сырғытыңыз.
2 Фокустаңыз.
Объективтің фокустау сақинасын пайдаланып қолмен
фокустаңыз.