Қолданушы нұсқаулығы
332
❚❚ Дірілді азайту (ДА)
Дірілді азайту (ДА) фотокамера дірілі тудыратын бұлдыратуды
азайтып, басқа жағдайда болатыннан 4 тоқтауға дейін баяуырақ
ысырма жылдамдықтарына мүмкіндік береді (Camera and
Imaging Products Association [CIPA] (Фотокамераларды жəне
суретті өңдеу құрылғыларын өндірушілер ассоциациясы)
стандарттарына сай D300s фотокамерасымен 140 мм
қашықтықта өлшенген; əсерлер фотографқа жəне суретке
түсіру жағдайларына қарай өзгеріп отырады). Бұл қол жетімді
ысырма жылдамдықтарының ауқымын арттырады жəне
жағдайлардың кең
ауқымында қолмен ұстап, штативсіз
фотосурет түсіруге мүмкіндік береді.
Дірілді азайтуды ҚОСУ/ӨШІРУ қосқышын пайдалану
• Дірілді азайтуды қосу үшін ON күйін
таңдаңыз. Дірілді азайту ысырманы босату
түймешігін жартылай басқанда белсендіріліп,
жақсартылған жақтауға алу жəне фокустау үшін
фотокамера дірілінің əсерлерін азайтады.
• Дірілді азайтуды өшіру үшін OFF күйін
таңдаңыз.










