Қолданушы нұсқаулығы

333
D Дірілді азайтуды пайдалану: ескертпелер
Дірілді азайтуды пайдаланғанда ысырманы босату түймешігін
жартылай басыңыз жəне ысырманы босату түймешігін соңына дейін
басу алдында көріністапқыштағы кескін тұрақтанғанша күтіңіз.
Дірілді азайту қосулы кезде ысырма босатылғаннан кейін
көріністапқыштағы кескін шайқалуы мүмкін. Бұл ақауды білдірмейді.
Фотокамера панорамаланғанда дірілді азайту тек панорамалаудың
бөлігі емес қозғалысқа қолданылып (мысалы, фотокамера
көлденеңінен панорамаланса, дір
ілді азайту те
к тік дірілге
қолданылады), кең доғада фотокамераны біркелкі панорамалауды
əлдеқайда оңайырақ етеді.
Дірілді азайту қосулы кезде фотокамераны өшірмеңіз немесе
объективті алмаңыз. Дірілді азайту қосулы кезде объективке
берілетін қуат үзілсе, сілкігенде объектив салдырлауы мүмкін. Бұл
ақаулық емес. Мұны объективті қайта жалғау жəне фотокамераны
қосу арқылы түзетуге болады.
Фотокамер
а кірістір
ілген жарқылмен жабдықталған болса, жарқыл
зарядталып жатқанда дірілді азайту өшіріледі.
Фотокамера штативке бекітілген болса, OFF күйін таңдаңыз, бірақ
штатив басы бекітілмеген болса немесе фотокамера моноподқа
бекітілген болса, ON күйі ұсынылады.