Қолданушы нұсқаулығы
338
❚❚
Масштабтау жəне анық түсірілетін кеңістік тереңдігі
Фокустау алдында фокустық қашықтықты реттеу жəне
фотосуретті жақтауға алу үшін масштабтау сақинасын
айналдырыңыз. Фотокамера анық түсірілетін кеңістік тереңдігін
алдын ала қарауды (күңгерттеу) ұсынса, анық түсірілетін
кеңістік тереңдігін көріністапқышта алдын ала қарауға болады.
Ескертпе: объективте Nikon компаниясының Internal Focusing
(IF) (Ішкі фокустау) жүйесі пайдаланылады. Басқа
объективтерден ерекшелігі, фокустау қашықтығы қысқарған
сайын фокустық қашықтық азаяды. Фо
кус
тау қашықтығының
индикаторы тек анықтама беруге арналғанын жəне нысанға
дейінгі қашықтықты дəл көрсетпеуі мүмкін екенін, əрі анық
түсірілетін кеңістік тереңдігіне немесе басқа факторларға
байланысты фотокамера қашықтағы нысанды фокустағанда ∞
таңбасын көрсетпеуі мүмкін екенін ескеріңіз.
Масштабтау сақинасын құлыптау үшін 18 мм күйіне
айналдырыңыз жəне масштабтау құлпы қосқышын LOCK күйіне
сырғытыңыз. Бұл фотокамераны бір жерден
екінші жерге алып
бара жатқанда объективтің өз салмағынан ұзаруын
болдырмайды.
❚❚ Апертура
Апертура фотокамераның басқару тетіктерін пайдаланып
реттеледі.
Масштабтау жəне максималды апертура
Масштабқа енгізілген өзгертулер максималды апертураны
1
1
/3 ЭМ дейін өзгертуі мүмкін. Дегенмен, экспозицияны орнату
кезінде фотокамера мұны автоматты түрде ескереді жəне
масштабқа реттеулер жасағаннан кейін фотокамера
параметрлеріне өзгертулер енгізу керек емес.










