Қолданушы нұсқаулығы
344
D Объективті күту
• Микропроцессор түйіспелерін таза күйде ұстаңыз.
• Объективті орнатуға арналған резеңке нығыздағыш зақымдалса,
пайдалануды дереу тоқтатыңыз жəне объективті Nikon
компаниясының өкілетті қызмет көрсету орталығына жөндеуге
апарыңыз.
• Объектив беттерінен тозаңды жəне мамықты кетіру үшін ауа үргішті
пайдаланыңыз. Дақтарды жəне саусақ іздерін кетіру үшін жұмсақ,
таза мақта шүберекке немесе объективті тазалау сүлгісіне этанолдың
не
мес
е объектив тазалағыштың шағын мөлшерін жағып, дөңгелек
қозғалысты пайдаланып ортадан сыртқа қарай тазалаңыз,
жарқыраған іздерді қалдырмауға немесе шыныға саусақтармен
тимеуге тырысыңыз.
• Ешқашан объективті тазалау үшін бояу сұйылтқышы немесе бензин
сияқты органикалық еріткіштерді пайдаланбаңыз.
• Алдыңғы линза элементін қорғау үшін бленданы немесе бейтарап түс
(NC) сүзгілерін пайдалануға болады.
• Объективді қабына салмай тұрып алдыңғ
ы жəне ар
тқы қақпақтарды
бекітіңіз.
• Бленда жалғанған болса, объективті немесе фотокамераны тек
бленданы пайдаланып көтермеңіз немесе ұстамаңыз.
• Ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса, зеңді жəне тотты
болдырмау үшін объективті салқын, құрғақ жерге сақтауға қойыңыз.
Тік күн сəулелерінің астында, я болмаса, нафталин немесе камфара
күйе дөңгелектерін салып сақтамаңыз.
• Объективті құрғақ күйде ұст
аңыз. Ішкі механизмнің тотт
ануы жөндеуге
келмейтін зақымға əкелуі мүмкін.
• Объективті өте ыстық жерлерде қалдыру қатайтылған пластиктен
жасалған бөліктерді зақымдауы немесе олардың пішінін өзгертуі
мүмкін.










