Қолданушы нұсқаулығы
349
Толық зарядталған батареялармен жазуға болатын
бейнефильмнің түсірілген бөлігі немесе түсірілімдер саны
батареяның жағдайына, температураға, түсірілімдер
арасындағы аралыққа жəне мəзірлер көрсетілетін уақыт
ұзақтығына қарай өзгеріп отырады. Төменде EN-EL15a
(1900 мАс) батареялары үшін үлгі сандар берілген
1
.
• Фотосуреттер, əр кадр бойынша суретке түсіру режимі
(CIPA стандарты
2
): шамамен 950 түсірілім
• Фотосуреттер, үздіксіз суретке түсіру режимі (Nikon
стандарты
3
): шамамен 3880 түсірілім
• Бейнефильмдер
4
: HD түсірілген бөлігінің шамамен 80
минуты
1 EN-EL15a орнына EN-EL15b немесе EN-EL15 батареяларын да
пайдалануға болады, бірақ кейде EN-EL15b/EN-EL15a
батареяларымен салыстырғанда EN-EL15 батареясымен бір зарядпен
азырақ суреттер түсірілуі мүмкін екенін ескеріңіз.
2 Мына сынақ жағдайларында AF-S DX NIKKOR 18–140 мм f/3.5–5.6G
ED VR объективімен 23 °C (±2 °C) температурасында өлшенген:
объектив шексіздік деңгейінен минималды ауқымға өтеді жəне 30 с
сайын бір фотосурет бір рет əдепкі параметрлермен түсіріледі;
жарқыл əрбір екінші түсірілім сайын бір рет жанады. Ті
келе
й көрініс
пайдаланылмайды.
3 23 °C (±2 °C) температурасында AF-S DX NIKKOR 18–140 мм
f/3.5–5.6G ED VR объективімен келесі сынақ жағдайларында
өлшенген: кескін сапасы JPEG normal (JPEG қалыпты) деп
орнатылған, кескін өлшемі L (үлкен) деп орнатылған, ысырма
жылдамдығы
1
/250 с деп орнатылған, ысырманы босату түймешігі үш
секунд бойы жартылай басылады жəне фокус шексіздіктен ең төмен
ауқымға үш рет өтеді; содан кейін қатарынан алты түсірілім түсіріледі,
монитор бес секунд бойы қосулы болады, содан кейін өшеді; бұл цикл
күту режимінің таймері біткеннен кейін бір рет қайталанады.
4 Фотокамераның əдепкі параметрлерімен жəне Camera and Imaging
Products Association (Фотокамераларды жə
не суретті өң
деу
құрылғыларын өндірушілер ассоциациясы) (CIPA) белгілеген
шарттармен AF-S DX NIKKOR 18–140 мм f/3.5–5.6G ED VR
объективімен 23 °C (±2 °C) температурасында өлшенген. Жеке
бейнефильмдер əрқайсысының өлшемі 4 ГБ-қа дейінгі бір немесе
бірнеше файлдан тұрады, əрі жалпы ұзақтығы 29 минут 59 секундқа
дейін болуы мүмкін; фотокамераның температурасы көтерілсе, жазу
бұл шектерге жетпей тұрып аяқталуы мүмкін.
Батареяның жарамды мерзімі










